USD
USD
USD

ТЖМ бөлімшелері күшейтілген кезекшілікте жұмыс істейді

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жаңажылдық мерекелер кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде қызмет көрсетудің күшейтілгенін жеткізді.

ТЖМ бөлімшелері күшейтілген кезекшілікте жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан аса жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқарып жатыр. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өртсөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.

"Барлық бөлімшеде күштер мен құралдар тексеруден өткізілді. ТЖМ азаматтарды жаңажылдық мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков