USD
USD
USD

ТЖМ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қазақстандықтар ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жолдады.

ТЖМ басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, жаңа жыл қарсаңында құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне және жоғары дайындыққа көшкен.

"Қыс басталғалы бері 173 ескерту жарияланған, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 35 рет жабылған, автокөліктердің жүруіне алты рет шектеу қойылған. Қабылданған шараларға қарамастан, құтқарушылар 27 адам, оның ішінде 3 баланы құтқарып, 74 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялаған", - деді Ильин ОКҚ брифингінде.

Ведомство басшысы қазақстандықтарға ауа райы нашарлап, жол жабылатыны туралы хабарламаларды ескермеуіне қатысты үндеу жасады.

"Өз өміріңізге, жолаушылар өміріне қауіп төндіруге болмайды. Darmen қосымшасын қолданыңыз, онда төтенше жағдай мен дауыл туралы ақпарат беріледі. Алыс жолға шығар алдында жүргізушілерге көліктің техникалық жай-күйіне көз жеткізіп, ауа райына байланысты киіну қажет", - деп толықтырды Юрий Ильин.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны