USD
USD
USD

ТЖМ басшысы Ақтөбе облысындағы жедел штабтың жұмысын тексерді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайына байланысты құрылған жедел штабқа барды.

ТЖМ басшысы Ақтөбе облысындағы жедел штабтың жұмысын тексерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр жедел штабтың жұмысымен танысып, өңірлік ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын зерттеді.

Жедел штаб мамандары ақпаратты жинау және өңдеу, жағдайға мониторинг жүргізу және оны бағалау, су тасқыны қаупі бар учаскелерге күштер мен құралдарды бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Министр жедел штабтың алдына күштер мен құралдарды тұрақты басқаруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, облыстың мүдделі құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және одан әрі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ ТЖ-ны жою жөніндегі жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді қойды.

Төтенше жағдайлар департаментінде Юрий Ильин Дағдарыс жағдайындағы басқарманың жұмысымен де танысты, онда кезекші ағымдағы жедел ахуал бойынша ақпаратты баяндады.

ТЖМ басшысы ағымдағы жағдайға байланысты жедел шаралар қабылдау бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе