USD
USD
USD

ТЖМ: 157 елді мекенді су басу қаупі бар

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде су басу қаупі бар өңірлерді атады. 

ТЖМ: 157 елді мекенді су басу қаупі бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысында таяудағы аптада күн күрт жылиды деп күтілуде. Сәйкесінше бұл қардың еруі мен сең жүруге ықпал етеді. Осы орайда жоғарыда аталған өңірлерге қарасты 157 елді мекенді су басу қаупі бар», - деді Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр еліміздің оңтүстік өңіріндегі жағдайға тоқталып өтті.

«Сонымен қатар Түркістан облысының оңтүстігі мен тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, сол сияқты Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтілуде. Осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде қар көшкіні және су тасқыны болуы мүмкін», - дейді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, ауа райы қолайсыздығы салдарынан болатын төтенше жағдайдың алдын алу шаралары күнделікті жүріп жатыр және бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер