USD
USD
USD

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды

2024 жылы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс.

Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті