17 Қаңтар 05:15
...

ТЖМ крещение мерекесіне байланысты ескерту жасады

Крещина
Фото: ғаламтордан

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі «Крещение Господне» христиандық мерекесі қарсаңында азаматтарға дәстүрлі крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салады.

Алматы, NEGE. Биыл мерекеге дайындық аясында ел өңірлерінде қыс мезгілінде жаппай шомылу үшін 250 ресми орын дайындалды. Қауіпсіз ойықтардың толық тізімімен жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменттерінде танысуға болады.

«Бүгінгі таңда барлық орын қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келмейтініне ерекше назар аударған жөн. Барлық нысанды жабдықтау жұмыстары мереке басталғанға дейін аяқталады. Жаппай шомылу орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушы сүңгуірлерді, шұғыл ден қою бригадаларын және полиция қызметкерлерін қоса алғанда, 2 395 қызметкер кезекшілік ететін болады. Жедел ден қою үшін 588 бірлік арнайы көлік тартылатын болады», – делінген хабпрламада. 

ТЖМ азаматтарды шомылу кезінде мына қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

– ойыққа түспес бұрын сіздің денсаулығыңыз бұған мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз. Созылмалы аурулар мен жүрек проблемалары бар адамдарға шомылудан бас тартуы керек..

– қауіпсіз шомылу үшін судың температурасы 0 градустан төмен болмауы керек.

– тек арнайы дайындалған және қауіпсіз жерлерде шомылу керек.

– қатты ағындар мен тасты жерлерден аулақ болыңыз.

– жалғыз сүңгуден аулақ болыңыз. Жақын жерде көмектесетін адам болған дұрыс.

– жылы киім мен тайғақ емес аяқ киім киіңіз.

– суға түсер алдында бұлшықеттерді қыздырып, денені суық суға дайындаңыз.

– тез сүңгіңіз және гипотермияны болдырмау үшін су астында ұзақ тұрмаңыз.

– кезекті қадағалаңыз, ойықтың шетіне жиналмаңыз. Шомылғаннан кейін тез оранып, жылы киім киіңіз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жаппай шомылуға 72 мыңнан астам адам қатысты.