USD
USD
USD

ТЖМ: Елімізде 3 700-ден астам үй су астында қалды

Қазақстанның 10 өңірінде әкімдіктер жергілікті ауқымда 30 төтенше жағдай жариялады.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

 Алматы, NEGE. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева мәлім етті.

«Бүгінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Су тасқыны бел алғалы ел бойынша 72 мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 17 мыңнан астамы кәмелетке толмаған балалар. Уақытша орналастыру пункттерінде қазір 14 466 адам, оның ішінде 7 269 бала бар, - деді Динара Нұрғалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министрлік өкілі адамдарды құтқару әуе кемесінің көмегімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Осылайша, су тасқыны басталғалы 2 607 адам, оның ішінде 760 бала эвакуацияланған.

«Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы су астында қалып отыр. Атап айтқанда, 3 702 тұрғын үйді су басты», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов