USD
USD
USD

БҚО-да су тасқыны қаупі бар аймақтарға әуеден барлау жасалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Балтаев және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е. Өтегенов «Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК басшыларымен Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО-да су тасқыны қаупі бар аймақтарға әуеден барлау жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттелді, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзенінде су деңгейі – 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі – 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылды. Тәулігіне – 25 863 м3 (барлығы 103 839 м3).

Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында қарды шығару жұмыстары жүргізілді. Тәулігіне – 8 338 м3 қар (барлығы – 319 915 м3). 535 ойық бұрғыланды, 230 м2 мұз кесілді, 690 құм салынған қап төселді, 2,8 км арық, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы