USD
USD
USD

ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз болады.

ТЖД алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметі және "Қазгидрометтің" 31 наурыздағы ескертуіне сүйене отырып, Алматы тауларында қатты жауын-шашын күтіледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болуы мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуы керек екенін ескертеді.

"Сонымен қатар тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60" , - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе