USD
USD
USD

ТЖД: 33 жас маман ант қабылдады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде кез-келген жағдайда отпен күресуге дайын мамандар ант қабылдады.

ТЖД: 33 жас маман ант қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №15 жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндіруші-құтқарушылар ант берді. Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен шарада 33 жас маман мүлтіксіз қызмет атқарамыз деп ант қабылдап, кәсіби маман атанды. Бұл жыл сайынғы дәстүр.

«Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өзінің өмірлік қызметі ретінде құтқарушы мамандығын таңдайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парыздарыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек» – деген Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов жеке құрамға лебізін білдірді.

Орташа есеппен, Алматы қаласының құтқарушылары жыл сайын 3 мыңнан астам шақыртуға барады, ТЖ орнында 500-ден астам адамды құтқарып және 1 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге эвакуациялайды.

Күн сайын ТЖ-ға жедел ден қою үшін жауынгерлік кезекшілікке 300-ге жуық адам және 80-нен астам техника, оның ішінде 4 әуе борты, 2 кинологиялық есеп түседі.

Бүгінгі таңда Департаменттің техникасы  80% -дан астамын құрайды, қаланы өрт деполарымен толық қамту үшін 19 өрт депосы қаланың өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді, тағы 15-ін салу жоспарда тұр.

2021 жылы Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Алатау және Наурызбай аудандарының өртке қарсы қорғанысы үшін 6 шақыртуға арналған 2 өрт сөндіру депосы іске қосылды. Бостандық ауданының Нұр-Алатау ш/а 4 шақыртуға арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жалғасуда. 

Одан әрі ГИРС қондырғыларымен жабдықталған Алматы гарнизонының мотоцикл экипаждарының көрсетілімдері, сондай – ақ бірнеше секунд ішінде шабуыл сатысымен «4 қабат терезесіне» шығып, өрт сөндіру спортшыларының өнерлерін көрсетті. Алматы гарнизонының ардагерлері ұмытылмас әсер алды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер