USD
USD
USD

ТЖД Нұрәлі Әлиевтің компаниясынан 1,1 миллиард теңгеге жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын автоматтандырылған жүйе сатып алған

2023 жылы алматылық төтенше жағдай қызметінің экс-басшысы зілзала туралы ақпаратты ертерек хабарлайтын автоматтандырылған жүйеге 1 120 538 143 теңге төлеген, деп хабарлайды Nege.Aqsha

Дбыл
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Нұрәлі Әлиевтің компаниясынан 1,1 миллиард теңгеге күшті жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын автоматтандырылған жүйені сатып алған. Алайда, кеше жер сілкінген уақытта ол жұмыс істемеді.

Сонау 2022 жылдың жазында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев (жемқорлықпен сотталған) TNS-INTEC компаниясымен 1 120 538 143 теңгеге келісім жасасқан. Бұл компанияның негізін қалаушы Darmen Holding. БАҚ мәліметінше, оны экс-президенттің немересі Нұрәлі Әлиев құрған.

Компания Төтенше жағдайлар департаменті мен Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына жойқын сейсмикалық толқынның жақындағаны туралы сигналды автоматты түрде жіберетін 28 станция салуы керек болған. Жүйе мобильді қосымша және дабыл арқылы тұрғындарды алдын ала хабардар етуі керек еді.

Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. 2022 жылға – 547 925 973 теңге, 2023 жылға – 572 612 169. Өткен жылдың қазан айында компания жұмыстың аяқталғаны туралы қорытынды актіні тапсырған, төлем әлі жүргізілмеген.

Қазір оқып жатыр

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

әуе рейстері

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Жақсылық Омар

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Аю