USD
USD
USD

ТЖ министрі Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ-на қарасты «Саран» шахтасына түсті

Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Qarmet» АҚ-ның көмір және болат департаменттеріне қарасты нысандарды аралады.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Сапар барысында ведомство басшысы компания шахталарында енгізілген позициялау жүйесімен танысты. Бұл заманауи технологиялық шешімдер кеншілердің нақты уақыт режимінде орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін аса маңызды.

Шыңғыс Әрінов «Саран» шахтасына түсіп, 540 метрлік горизонтта орналасқан көмір қазу комбайнының жұмысын көріп, кеншілердің еңбек жағдайымен танысты.

Министр ерекше назарды Көмір департаментінің диспетчерлік-аналитикалық орталығының жұмысына аударды. Бұл жерде шахталардың жағдайы тәулік бойы бақыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуы тексеріледі және төтенше жағдайлар кезінде жедел басқару жүзеге асырылады.

Жұмыс сапарының жалғасында Шыңғыс Әрінов «Qarmet» АҚ Болат департаментіне қарасты ыстық мырыштау және алюминийлеу цехының жұмысымен танысты. Сонымен қатар министр өндірістік процестер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қарап шықты.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмір өндіру саласындағы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау және ел бойынша өндірістік нысандардың жағдайын жүйелі түрде бақылау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қазір оқып жатыр

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек