USD
USD
USD

Twitter Илон Маскты сотқа берді

«Твиттер» Илон Масктің үстінен сотқа шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Twitter Илон Маскты сотқа берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE7 Осылай миллиардерді компанияны тездетіп сатып алуға мәжбүрлемек. Бұған дейін Илон Маск әлеуметтік желі компаниясын сатып алу жөнінде шешім қабылдаған еді. Алайда өткен жұма күні ол 44 миллиард доллардың келісімінен бас тартатынын айтып, Twitter-ге ресми хат жолдаған. Масктің заңгері хабарлағандай, компания келісімнің шарттарын орындамады.

Атап айтқанда, платформадағы спам мен боттарға қатысты Маск сұратқан мәліметтерді жасырып қалған. Ал «Твиттердің» заңгерлері бұл айыптың жалған екенін айтып, сейсенбіде сотқа арыз жолдады. Арызда «Илон Масктің өзі келісімнің шартын бұзды» делінген. Әзірге Маск бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бар болғаны «Твиттердегі» парақшасында мысқылдап қысқа хабарлама қалдырған.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер