USD
USD
USD

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Алматы облысында жануарларға арналған «Твардовский дом» панажайын ашқан Владимир Тепляковтың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілерді іздеп жатыр.

Владимир Тепляков
Фото: Арсен Кабденовтің видеосынан алынған скриншот

Астана, NEGE. Владимир Тепляков он жылдан астам уақыт бойы «Твардовский дом» панажайында қаңғыбас иттер мен мысықтарды бағып келген.

Алматы облысының полиция департаменті Владимир Тепляковтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлады полиция.

Зооқорғаушы Арсен Кабденовтің айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын ол Владимир Тепляковпен бірге иттерге жаңа иелер іздеуге келіскен. Қазір панажайдағы иттер далада, қоршауы мен қажетті жағдайы жоқ жерде қалды.

Кабденовтің сөзінше, басқа да жануарларды қорғаушылар 90 итке уақытша паналайтын орын немесе тұрақты баспана іздеп жатыр. Олар иттерді асырап алуға дайын адамдардан көмек сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер