Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түсім өсіп, пайда жоғалған. Air Astana НЕГЕ 21 млн доллар шығынға батты?

Air Astana 2026 жылдың алғашқы жартысын 21,2 млн доллар таза шығынмен аяқтады. Бір жыл бұрын компания осы кезеңде 10,7 млн доллар пайда тапқан еді.

Air Astana Эйр Астана
Фото: NEGE

Осылайша, бір жылда қаржылық нәтиже 31,9 млн долларға нашарлаған. Бұл уақытта компанияның түсімі 16,1 пайызға өсіп, 763,9 млн долларға жетті. Бірақ жолаушылар саны 2,4 пайызға азайып, 4,39 млн адам болды.

Air Astana бірнеше жыл бұрын тұрақты қаржылық дертке шалдыққан еді. Ол –  шығындардың кірістен жылдам өсуі. Биыл бір орындық шақырымға шаққандағы түсім 15,8 пайызға артса, дәл сол көрсеткіш бойынша шығындар 22,2 пайызға өскен.

Фостер
NEGE

Соның салдарынан EBITDAR 9,7 пайызға төмендеп, 141,7 млн доллар болды. Рентабельділік 23,9 пайыздан 18,6 пайызға дейін құлады. Қарапайым тілмен айтқанда, Air Astana-ның әрбір 100 доллар түсімінен бұрын 23,9 доллар қалса, қазір 18,6 доллар ғана қалып отыр.

Қаржылық нашарлауға Pratt & Whitney қозғалтқыштарына байланысты проблема әсер еткен. Қозғалтқыштарды тексеру мен жөндеу үшін кейбір Airbus ұшақтары уақытша пайдаланудан шығарылады. Ұшақ ұшпаса да, лизинг пен техникалық қызмет көрсету шығындары тоқтамайды. Бұған шетелдік әуежайлардағы авиаотынның қымбаттауы, қосымша техникалық шығындар және теңге бағамының өзгеруі қосылған.

AirAstana
Air Astana

NEGE бұған дейін Air Astana түсімі өсіп жатқанымен, таза пайдасы азайып, міндеттемелері көбейгеніне назар аударған еді. 2025 жылдың қорытындысында компанияның түсімі 11,4 пайызға өскен. Бірақ таза пайдасы 49,4 млн доллардан 13,6 млн долларға дейін құлаған. Енді 2026 жылдың бірінші жартысында компания пайда орнына 21,2 млн доллар шығынға ұшырады.

Демек, мәселе жолаушылар санының немесе түсімнің аздығында емес. Air Astana тапқан ақшасын шығындардан қорғай алмай отыр.

Өткен жылдан бастап Air Astana жаңа бағыттар ашып, әуе паркін кеңейтіп жатыр. Бірақ қор нарығы үшін ұшақ саны емес, таза пайда маңызды. Компания енді шығындардың өсуін тоқтатып, маржаны қалпына келтіруі керек.

Әйтпесе, Air Astana-ның ұшақтары аспанда көбейгенімен, акционерлердің ақшасы жерге көміле бермек.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Жылан қаптады

Тойда «уағыз» айтқан Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды

тойдағы уағыз

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық