USD
USD
USD

Тұрсынбектің әйелі: Қызымның ҰБТ тапсыруына байланысты шындықты айтамыз

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова қызына қатысты туындаған ҰБТ дауы жөнінде инстаграм парақшасында алғаш рет пікір білдірді. 

Тұрсынбектің әйелі: Қызымның ҰБТ тапсыруына байланысты шындықты айтамыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл іс бойынша жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

"Бала дегенде әрбір әке мен шешенің шығар жаны бөлек. Дәл қазір біздің отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып отырған жоқпыз. Біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек. Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді “халық жауы” етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын. “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” - деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… Өте өкінішті!", - деп жазды Мөлдір Мұқанова.

"Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдында жауапсыз қалмайды. Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады… Алла олардың балаларына жар болсын!", - деді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте газ құбырында өрт шықты

Газ құбыры

Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің жаңа нұсқалары ұсынылмақ

Зейнетақы аннутитеті

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші