USD
USD
USD

Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны басқа қыз тапсырып шыққан

Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспан әлуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны басқа қыз тапсырып шыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі заңгер Абзал Құспан «Тұрсынбек Қабатовтан көңілім қалды» дейді.  Заңгердің айтуынша, ол Тұрсынбек Қабатовтың ҰБТ-ға қызының орнына басқа адамды кіргізгені туралы сенімді ақпарат алған.

«Кеше ҰБТ/ЕНТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жолдаған источник – жеке өзім танитын 100% сенімді адам. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, т.б., мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазатын боламын», - деп жазды Абзал Құспан.

Заңгердің әлеуметтік желіде жазған мәліметіне сенсек, аталған заңбұзушылық бойынша, қылмыстық іс қозғалыпты.

"13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып , төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Теңге

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

.

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Таиланндта туылған

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

үгіт-насихат