USD
USD
USD

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креатив продюсері болып тағайындалды.

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы агенттік төрағасы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

"Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы "Әзіл әлемі", "Көңілді тапқырлар алаңы" сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие. "Хабар" арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген "Жұп-жұбымен", Cover show сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналды. Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады", - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық