USD
USD
USD

Тұрсынбек Қабатов эстафета жолдады

Тұрсынбек Қабатов қар тазалауға кірісті. Ия, күні кеше белгілі әзілкеш Қабатов бастаған елорда еріктілері әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челлендж бастап, тұрғындарды  қала тазалағына жұмылдырды.

Тұрсынбек Қабатов эстафета жолдады
Фото: NEGE.kz

Көпшіліктен  «Біз біргеміз» хештегін белгілеуді сұраған еріктілер желіге қар тазалап жатқан сәттерінен бейнежазба салған. Еріктілер  аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет мамандарына  қолдау көрсетумен байланыстырды.

Осы ретте еріктілерді журналист Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.

«Біздің қаламыз, еліміз - ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», - деген Тұрсынбек Қабатов эстафетаны  «Формат» тобы мен «Астана» футбол клубына жолдады.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева