USD
USD
USD

Туроператорлар жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде ведомство басшылары қатысқан кеңес туралы айтып берді.

Туроператорлар жалған вакцина паспортын сатумен айналысқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен аптада Ішкі ітер мининстрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ҰҚК, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты. Жиын барысында Ерлан Тұрғымбаев жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталғанын хабарлады», - деді Н. Ораз онлайн брифингіде.

Осы орайда кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде сату фактілерінің жолы кесілді «Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын еске салды. Топ жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау әрі сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған», - деді ресми өкіл.

 

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика