Туроператорлар 2021 жылға болжам жасауға жүрексініп отыр
Туристік операторлар 2021 жылға болжам жасауға неге жүрексініп отыр?
Алматы, NEGE. Қазақстандықтар Мальдив аралдары бағытындағы билеттерді белсенді сатып алуда. Жаңа жылға арналған рейстерге бүгіннің өзінде билет жоқтың қасы. Бұл туралы «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры хабарлады. Қор төрағасы Инна Рейдің айтуынша, Қазақстаннан Мальдив аралдарына тікелей рейстер ашылғаннан кейін бұл бағытқа сұраныс артқан. Айта кету керек, шетелге ұшу билеттерінің құны эконом санатта 300 мың теңге төңірегінде, ал бизнес-санатта бір жарым миллион теңгеден асады. Ал жолдамалардың ең төменгі бағасы екі-үш мың доллардан басталады. Туроператорлар 2021 жылға болжам жасауға ерте дейді. Олардың пікірінше, сала баяу болса да қалпына келуде.
Бұған мына ақпарат дәлел. Тамыз айынан бастап 42 мыңнан астам қазақстандық шетелге жолдама алған. Олардың жартысынан көбі күз айларына келеді. "Туристік Қамкор" корпоративтік қорының хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Ондағы туристердің көбі жолдамаларды пандемияға дейін сатып алған. Бірақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты олар жоспарланған уақытта кете алмаған. Тек әлемдегі карантиндік шектеулер жеңілдетілген кезде демалысқа ұша бастады. Ал туристердің бір бөлігі сапарын келесі жылға қалдырған. Қордың мәліметінше, сапарға шығатын әр адамға туркод беріледі. Ол жолдаманың шынымен пайдалануға болатынына кепілдік береді.