6 Желтоқсан 10:38
...

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адам қол қойған петицияның заңды күші жоқ па?

Фото:

Бұл туралы сенат кулуарында әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы, NEGE. Алма Мұқановадан журналистер сенат кулуарында “150 мың адам қол қойған петицияның заңды күші бар ма?” деп сұраған.

«Петицияға қатысты... Ол құжат 2021 жылы орналастырылған. Қазір оған көп адам қол қоя бастады. Петицияның өзі петицияларға стандартталған тәсілдер енгізілгенге дейін басталған.

Қазір өтініш беру бойынша тиісті платформа әзірленіп, регламентін реттеу рәсімінен өтіп жатыр.

Жауапкершілікті күшейтуге келер болсақ, криминализация мәселесі өте даулы. Бүгін бұл мәселеге өте салмақты тұрғыда келу керектігі талқыланды. Өйткені біз бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласы екенін түсінуіміз керек. Жекелеген жағдайларды мысал етіп, шектен шығудың қажеті жоқ.

Меморгандардың қызметкерлері бүгін криминализация мен декриминализация жағынан шамамен 4 рет өзгеріс енгізілгенін айтты. Нормалар көшіп жүре берген. Бірақ әкімшілік кодекске енгеннен кейін ғана тиімді көріне бастауы мүмкін. Бұл процедура қылмыстық кодексте болғаннан гөрі тезірек жүреді. Бұл жайттарды ескеру керек, - дейді ол.

Жоғарыда аталған “петиция күшінде ме, жоқ па?” деп қайта қойған сұраққа Мұқанова былай жауап берді:

«Қазіргі уақытта халықта соны легитимді платформада қайта жазуға мүмкіндік бар. 2021 жылы жазылған петициялар туралы айтар болсақ, процедуралық тұрғыда ол енгізілмейді», - дейді вице-министр.

Тегтер: