Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі
Соңғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 130 мың шағым келіп түскен.
Алматы, NEGE. Оның 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шамамен 30 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған жағдайларда шағымданушы жақ арыздарын қайтарып алған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты. «Осыған байланысты учаскелік полиция зардап шегушінің кешіріміне қарамастан, өздігінен шешім қабылдауы керек», - дейді депутаттар.
Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері арасында 2014 жылы жасалған бұйрықты қайта қарау туралы сөз болды. Ал депутат Зағипа Балиева әйелдер мен сәбилердің құқықтарын қорғау үшін Отбасы, балалар және жастар істері жөнінде бөлек министрлік құру жайында ұсыныс айтты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: "Елімізде отбасы, балалар және жастар істерімен айналысатын 18 мемлекеттік мекеме қызмет етеді. Енді арнайы министрлік ашатын уақыт та келді. Жаңа ведомство Зағипа Балиева, жанұя құндылықтарын дәріптеп, күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ажырасу көрсеткіші 22%-ке өскен. Осыған байланысты отбасылық сот жүйесі де пайда болуы қажет" деді.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды