USD
USD
USD

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтар төлемсіз демалысқа шыға алады

Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге төлемсіз демалыс беруге міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зорлық-зомбылық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", - делінген түзетуде.

Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша хабарламасы негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып беріледі.

Сондай-ақ, кодекске Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымына қатысты толықтыру енгізілді.

Атап айтқанда, ұжымдық шартқа үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын қызметкерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші