USD
USD
USD

Тұрмысы төмен отбасыға берілетін әлеуметтік жәрдемге не кіретіні белгілі болды

2020 жылдың ақпанынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларына кепілді әлеуметтік пакет беріле бастайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек саясатын дамыту Департаменті бастығының орынбасары Аяжан Жанғабылова хабарлады.

Тұрмысы төмен отбасыға берілетін әлеуметтік жәрдемге не кіретіні белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Аяжан Жанғабылованың айтуынша, бұл көмек тек атаулы әлеуметтік жәрдем алатын отбасының балаларына ғана беріледі. Кепілді әлеуметтік пакет жас ерекшеліктеріне қарай екі категорияға бөлінген: 1 жастан 6 жасқа дейін; 6-дан 18 жасқа дейін.

Алты жасқа дейінгі балаларға арналған әлеметтік пакетке не кіреді?

Мектеп жасына дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия тауарлары беріледі. Ол атаулы әлеуметтік көмек алып тұрған уақытта айына бір рет беріледі. 
Азық-түлік құрамы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай (1-ден 3 жасқа дейін және 3-тен 6 жасқа дейін) ауысып тұрады. 

«Азық-түлік тауарлары түрлі жарма өнімдерінен, пюре, шырын, сүт секілді тағамдардан құралады. Мұның бәрі денсаулық сақтау министрлігінің темір және өзге минералдардың жетіспеушілігінің алдын алу туралы кеңестерін ескере отырып жасақталған», – дейді Аяжан Жанғабылова.

Мұндай кепілді пакет отбасындағы әр балаға жеке берілетін болады. Егер отбасында төрт бала болса, сәйкесінше төрт азық-түлік және төрт гигиеналық заттар пакетін алады. 

6 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік пакетке не кіреді?

6 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакет төрт бөліктен тұрады: мектептегі ыстық ас, мектеп киімі, оқу құралдарымен қамтамасыз ету және қаладағы қоғамдық көліктермен жүруге 50% жеңілдік. 

Мектеп киімі мен оқу құралдары жылына бір мәрте беріледі. Келесі жылдың тамызында осы заттарды сатып алуға арналған сертификаттар тарату жоспарланған. 

Әлеуметтік пакеттерді қайдан алуға болады?

  • Мектеп киімі мен қажет құралдарды білім бөлімдері немесе мектептер;
  • Азық-түлікті әлеуметтік әл-ауқат (немесе әлеуметтік қорғау) бөлімдері;
  • Жеке бастың гигиеналық заттарын денсаулық сақтау басқармалары береді.

Азық-түлік түріндегі бір әлеуметтік пакеттің құны 4 700 теңгеден сәл асады, тұрмыстық химия тауарларының пакетінің құны 1 700 теңге көлемінде белгіленген. 
 

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды