USD
USD
USD

Түрмеге жалған құжатпен кіруге тырысқандар ұсталды

ШҚО-да екі әйел жалған құжатпен түрмеге кіруге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрмеге жалған құжатпен кіруге тырысқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері неке қию туралы жалған куәліктермен түрмеге ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған екі әйелді ұстады. Қазақстанның басқа қаласынан келген екі әйел «күйеулерімен» ұзақ кездесуге кірмек болып, түрме қызметкерлеріне жалған құжаттар ұсынып, түрме қызметкерлерін алдамақ болған.

Құжаттарды тексеру кезінде түрме қызметкерлері ұсынылған құжаттардың ішіндегі азаматшалардың жазасын өтеп жатқан сотталғандарыдың заңды некеде екендігін анықтайтын неке куәлігінің түпнұсқалығындағы кейбір күмән туғызатын жайттарға күмәнданған.

«Көзге түскен бірінші нәрсе – бұл екі куәліктің де мереке күндері берілгендігі және екі құжат та әртүрлі Әділет басқармалары көрсетілгендігімен, құжаттағы қолтаңбалар бірдей болған. Сонымен қатар, куәлік бланкілерінің ескіргендігі күмән тудырды. Мекеме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке ісін тексеру барысында азаматшалардың осы сотталғандардың жұбайы екенін растайтын құжаттар мүлде болмаған», – деді облыстық ҚАЖД бастығы Жанболат Қалетаев.

Әйелдер неке туралы куәлікті қайда алғанын түсіндіре алмады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

«Егер құжаттарды қолдан жасау фактісі расталса, онда азаматшаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік жүктеледі», – деп толықтырды Жанболат Қалетаев.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті