Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түрмеге телефон кіргізбекші болған

Оралда белгісіз біреу түрменің ауласына ұялы телефондар лақтырған. 

Түрмеге телефон кіргізбекші болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға РУ-170/3 мекемесінде орын алды.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен тиісті іс-қимылы арқасында түрме ауласына лақтырылған ірі көлемдені тыйым салынған заттар тәркіленді.

Қарауыл бекетінің сақшысынан тыйым салынған аймақ тұсынан белгісіз біреудің зат лақтырғаны туралы дабыл белгісі келіп түскен.

Дереу жеткен қарауыл және кезекші ауысым қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағынан полимерлі қаптаманы тапты.

Қаптама ішіне 17 ұялы телефон, 19 дана қуаттандырғыш құрылғы, 55 дана сим карта және 1 дана жад картасы жасырылған болып шықты.

Қазіргі таңда ұялы телефондар тиісті органдарға беріліп, қызметтік тергеу жүргізілуде.

 

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш

Алматы облысында ит талаған баланың ісі: сотта жануардың иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Ит талаған