USD
USD
USD

Түрмеге есірткі өткізбек болғандардың жолы кесілді

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесінде есірткіні пошта арқылы тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді.

Түрмеге есірткі өткізбек болғандардың жолы кесілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың біріне сәлемдеме келген. Тексеру кезінде тіс пастасының ішіне салынған ерекше иісі бар жасыл зат табылды. «Бірден сол жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылып, бейнетүсірілім жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Оның салмағы 9,34 грамм. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді мекеме басшысы Аслан Нұрбеков. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, көбінесе түрмеге тыйым салынған заттардың ішінде телефондар, аксессуарлар және есірткі кіргізуге тырысатындар анықталады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян