2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Түрмеден әйеліне сыйлық жіберді

Шығыс Қазақстан облысы түзеу мекемесінде сотталған өз қолымен альбом жасап, жанұясына бандероль арқылы жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрмеден әйеліне сыйлық жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ОВ 156/6 қатаң тәртіптегі колонияда қамауда отырған сотталушы өз отбасын Халықаралық Отбасы күнімен құттықтап, өз қолымен альбом жасады. Карантиндік режимге қалыптасқан жағдайларға байланысты бүгінгі күні барлық мерекелер, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі кездесулер жойылған болатын. Бірақ сотталғандар әлі де өз жақындарын қуанта отырып, жағдайдан шығудың амалдарын қарастыруда, мысалы, адам өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Алексей Романов өз отбасын осы қасиетті күнмен құттықтауды шешті. Ол өз қолымен картон қатты қағаздардан,тері алмастырғыш материалдарынан альбом жасады. Өз жұбайына хат жазып, бандерольге өз қолымен жасалған альбомды салды.
– Мен қазір өз отбасымды және ата-анамды карантиннен ұзақ көрген жоқпын. Мен өз махаббатымды білдіргім келеді. Бұл сыйлықты менің балаларым мені ұмытпай, әрдайым осы альбомда бақытты сәттерді жинасын деп сыйладым, – дейді жазасын өтеуші.
 

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар