USD
USD
USD

Түрмедегі суретші Ерке мен Раймның портретін салды

Қарағанды облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан әуесқой суретші салған портретін әртістерге сыйлағысы келетінін жазды tengrinews.kz.

Түрмедегі суретші Ерке мен Раймның портретін салды
Фото: NEGE.kz

Аматы, NEGE. Кісі өліміне қатысты бар деп танылған 30 жасар Николай  18 жылға сотталған. Қағаз бен қарындашты серік еткен ол  бүгінде жасазысының тең жартысын өтеген екен. Темірторда отырған азамат балалық арманын орындау мақсатында соңғы жылдары сурет салуды қолға алса керек. Түрме ішінде өтетін шараларға арнап түрлі  картиналар салуды әдетке айналдырған ол сотталушылар арасында суретші- безендіруші ретінде танылған.  

«Біз бұл жерде арасында жаңалық тыңдаймыз. Сол кезде мен кумирім Раймның белгілі әнші Ерке Есмаханға үйленгенін естідім. Олардың теледидардағы бақытты сәтін көрген соң портреттерін салғым келді. Райм маған қарапайымдылығымен ұнайтын.  Олардың суретін салуға бар-жоғы үш күн кетті. Кескіндерін қарапайым қарындаштың көмегімен ақ-қара түспен бедерледім. Негізі жаман шықпаған тәрізді. Енді мұны оларға сыйлағым келеді. Білем, бұл бәлкім мүмкін емес шығар. Дегенмен, оларға бақыт тілеймін!» –дейді жазасын өтеуші.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент