USD
USD
USD

Түрмеде өткен онлайн той

Ақмола облысындағы түрмеде жас жұбайлар некесін қиды.

Түрмеде өткен онлайн той
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, екі ғашықтың қарым-қатынастарын заңдастыруға темір тор да кедергі бола алмайды. Неке және отбасы туралы кодекс сотталғандарға мекеме әкімшілігіне неке қию туралы өтінішпен жүгінуге құқық береді. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті. Және бұл бірінші рет емес. Жыл басынан бері колонияда сотталғандардың 5 некесі тіркелді. Махаббат жасқа қарамайды. Некеге тұрғандардың жасы 22-51 шамасындағылар. Жас жұбайлар ЕЦ-166/25 орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан Андреймен оның сүйіктісі Аленаны некесін АХАТ қызметкері қиып, құттықтады.

«Біз бұған дейін үйленуді ойлаған жоспарлаған жоқ едік. Алайда, Андрей екі жылға сотталды. Бірақ соған қарамастан біз кешіктермей үйленуді шештік», - дейді қалыңдық,

Карантин жағдайы болса да, ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері заң аясында неке қию рәсімін ұйымдастырды.

Зеренді аудандық АХАТ бөлімінің қызметкері Мендельсонның дәстүрлі маршымен және «Мен сені күйеу мен әйел деп жариялаймын» деген дәстүрлі сөздерімен құттықтады. Оны қалындық бейне жазба түсіріп алды. Ал, сотталушы қалындығы мен құттықтауды онлайн режимде көрді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.