USD
USD
USD

Түрмеде 43 жыл отырған адамның жазықсыз екені анықталды

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласының тұрғыны Кевин Стриклендке қате айып тағылып, өмір бойына сотталған. 43 жылдан соң ғана оның жазықсыз екені анықталып отыр. Бұл туралы New York Post жазды.

Түрмеде 43 жыл отырған адамның жазықсыз екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  1978 жылы сәуірде Миссури штатында біреулер үш бірдей адамды өлтіріп кеткен. Кевин Стрикленд ол кезде небәрі 18 жаста еді. Терісінің түсі қара болғандықтан ол күдіктінің бірі болып танылған. Сот оны шартты түрде босату құқығынсыз өмір бойына түрмеге қамауға үкім шығарған.

Джексон аймағының прокурорлар офисі айыпты былтыр қараша айында қайта қарай бастаған. Басқа екі адам 1978 жылы болған кісі өлтіру қылмысын мойындап, Стриклендтің ол жерде мүлде болмағанын, қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан. Оның үстіне, қылмысқа қатысты қаруда оның саусақ іздері болмағаны анықталып отыр.

«Соңғы айларда айғақтарды қарап шыққан мамандардың бәрі Стриклендті ақтау керек деп отыр», – дейді аймақтық прокурор.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер