USD
USD
USD

«Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді.

«Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған құрылғылар 100% Шымкентте өндірілген өнімдер. Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында толық аяқталады.

Абай ауданы аумағында жалпы 21 ауланы абаттандыру үшін бюджеттен 695,1 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде.

Елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына 35 спорт алаңшасын орнату үшін бюджеттен 678,3 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары атқарылуда.

Тұрғындармен кездескен қала әкімі, бұл бағытта жұмыстардың үнемі жалғасатынын айта келе, аулаға орнатылған дүниелерді күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи