Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. 

Туристер
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда.

Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

Түркістанның ең көрікті орындарының біріне айналған «Керуен сарай» кешенінде ұлттық дәстүр мен өнерді қамтыған мазмұнды бағдарламар көпшілік назарына ұсынылды. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ұлттық тағамдар көрмесі арқылы салт-дәстүріміз дәріптелді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, Наурыз мейрамының айшықты дәстүрі жалғасын тапты. 

Концерт барысында ұлттық аспаптарда орындалған әуендер мен халық билері, түркі халықтарының музыкалық өнері, қазақтың «Тойбастар», «Наурыз-Думан» және өзге де әндері, «Жарапазан» тұрмыс-салт жыры және дәстүрлі өнер қойылымдары қамтылған. Күй күмбірлеп, бишілер би биледі. Ондаған киіз үй тігіліп облысымызбен қатар еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келген саяхатшылар Түркістан төріндегі Наурыз тойына куә болды.

Олардың ішінде «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға келген 300-ден аса турист те бар.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.