USD
USD
USD

Түркістандықтар ашық аспан астында тоғызқұмалақ ойнай алады

 Түркістан тұрғындары енді қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақты ашық аспан астында ойнай алады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты.

ойын
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақтың ұлттық ойыны соңғы жылдары ерекше дамып келеді. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы Этноауылда тоғызқұмалақ аллеясы ашылды. Енді қала қонақтары мен тұрғындары ашық аспан астында ойнай алады.

"Бұл бастамаға Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын қолдау мақсатында Түркістанның тумасы, Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов ұйытқы болып, облыс орталығына сый жасады", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Дүниежүзілік және Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті, қоғам қайраткері Әлихан Байменов өз сөзінде бұл шара зияткерлік пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ спорт түрінің рухани шаһарда қарқынды дамуына жол ашады деді. Шара барысында алғашқы сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат ұсынылды. Алдағы күндері төрт тоғызқұмалақ тақтасы орнатылып, ел игілігіне беріледі.

Айта кетейік, Түркістанда былтыр ашылған Балалар және жасөспірімдер спорт клубында қазақ халқының мұрасына айналған тоғызқұмалақ үйірмесі бар. Мұнда бір жаттықтырушы көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спортқа баулып жүр.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді