Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістандық студенттер Республикалық слетте жүлделі орынға ие болды

Атырауда алғаш рет облыстық Білім беру басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы “Саналы ұрпақ” клубы мүшелерінің республикалық І слеті өтті.

Түркістандық студенттер
Фото: Түркістан

Түркістан, NEGE. Жастардың бойында адамгершілік жəне азаматтық-патриоттық тəрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін слетке Атырау, Ақмола, Абай, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Алматы, Шымкент, Өскемен қаласынан «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері қатысты.

Слетқа Түркістан облысының атынан облыстық слетте 1 орын алған “Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі” МКҚК “Рухани астана” командасы қатысып, жүлделі II орынды иеленді.Слет барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады және өз өңірлерінде атқарылған жұмыстар туралы бейнематериалдар, қойылымдар ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алу ісінде ең белсенді және ерекше көзге түскен жастар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік қызмет банктерге беріледі

компанияны тіркеу

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram