USD
USD
USD

Түркістандық оқушылар Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз атанды

“Ұлттық мектеп лигасы” республикалық деңгейде өтіп, командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, үздіктер анықталуды.Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық мектеп лига жарыстары үш жас ерекшелік бойынша өткізіледі, деп хабарлайды Түркістан Облысының Білім Басқармасы.

Түркістан Облысының Білім Басқармасы
Фото: Түркістан Облысының Білім Басқармасы

Түркістан, NEGE. 5-6 сыныптар арасында Семей қаласында (127 оқушы қатысты), 7-8 сыныптар арасында Астана қаласында, 9-11 сыныптар Қызылорда қаласында өтеді.Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6 сыныптар арасындағы жарыстың қорытынды кезеңі бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында  “Ұлттық мектеп лига” жарысы спорттың 10 түрінен өткізілді.

Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысты. Оның 2005-і қыздардан, 2 239 ұлдардан құралған.Ұлттық мектеп лигасын өткізу барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген. Түркістан облысында  Ұлттық мектеп лига жарыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне байланысты Республикалық кезеңдерде оқушылар топ бастап тұр.

Қазіргі таңда 7-8 сыныптар арасындағы жарыс Астана қаласында өтіп жатыр. Әзірге қоржында 2 алтын, 4 қола. Алда өтетін тағы 6 жарыс бар. Сонымен қатар шілде айының 7-31 аралығында Қызылорда қаласында 9-11 сыныптар арасындағы жарыстар өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс