USD
USD
USD

Түркістандағы жарылыста күйік шалған адам көз жұмды

Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылындағы ЖГҚС-та болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шегіп, үш адам ауруханаға түскен. Кейін медицина мекемесіне жеткізілген үшеудің біреуі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

жәрдем
Фото: ғаламтор

ТЖД ақпараты бойынша, жанармай-газ құю станциясында жарылыс 21 наурыз күні жеңіл автокөліктің жанармай станциясына келіп соғылуынан болған.

Соның салдарынан ыдыстан газ шығып, ол ауамен араласып тұтанды. Өрт жақын жерде тұрған көлікті шарпыды, - делінген хабарламада.

Жарылыстан екі адам оқиға орнында қаза тауып, үш тұрғынды күйік шалды. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндірді.

Кейін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина мекемесіне жеткізілген үш адамның біреуі қайтыс болғанын хабарлады. Ол 22 наурыз күні көз жұмған. Қалған екеуі хирургия бөлімшесінде ем-дом алып жатыр, жағдайлары орташа. Кеңес алу үшін комбустиолог пен реаниматолог шақырылды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі