USD
USD
USD

Түркістандағы Ясауи университетіне Сенат депутаттары келді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ҚР Сенатының депутаттары: Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатыбалдиев, Амангелді Толамисов, Геннадий Шиповских, Ғалиасқар Сарыбаев арнайы келіп, оқу орнымыздың жұмысымен танысты.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Құрметті қонақтарды ректор Жанар Темірбекова, ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч, вице-ректорлар және бөлім қызметкерлері күтіп алды.

Депутаттар, ең алдымен, оқу орнының ғана емес, Түркістан қаласының мақтанышына айналған Ботаникалық бақты аралап, жақсы пікірлерін білдірді. Ректор Жанар Темірбекова ботаникалық бақтың қызметі және жүргізіліп жатқан жобалар туралы айтты. Соңғы жылдары жеткен жетістіктер мен енгізілген жаңа технологиялар туралы мәлімет берді.

ҚР Сенатының депутаты әрі Өкілетті Кеңес мүшесі Дархан Қыдырәлі де университетте біршама игі істер атқаралып жатқанын атап өтті. Әсіресе, депутаттар университет жылыжайында өсірілетін қызғалдақтарға қызығушылық танытты.

Бұдан әрі қонақтар Жеміс-жидектерді өңдеу цехіне барды. Коммерцияландыру жобасы негізінде жұмыс істеп тұрған кешеннің қызметімен толыққанды танысты. Мұнда университетіміздің ботаникалық бағында және қаладағы өзге де жылыжайларда өсірілген жемістер өңделіп, кептірілген дайын өнім алынады. Депуттаттарға дайын өнімдер таныстырылып, қазіргі таңда сатылымға шығарылғаны хабарланды. Өз кезегінде, сенаторлар ботаникалық бақта атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, депутаттар оқу орнымыздың Мәдениет орталығына барып, «Түрік әлемінің тарихи панорамалық» мұражайын аралады. Түркі елдерінің өткені мен бүгіні көрініс тапқан музейді тамашалап, тарихи оқиғалар туралы ақпаратқа қанық болды.

Сапар соңында ҚР Сенатының депутаттары қонақжайлылық үшін алғысын айтты. 

Қазір оқып жатыр

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи