USD
USD
USD

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы халықаралық саммиттің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарының еңбегін атап өтті.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өткен бейресми саммитінен кейін жиын өткізіп, халықаралық іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеровке және өңір тұрғындарына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы саммитке келген шетелдік қонақтар Түркістандағы жолдардың сапасын, көшелер мен саябақтардың тазалығын жоғары бағалағанын айтты. Оның сөзінше, Түркістан ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге дайын екенін көрсетті.

Президент облыс және қала әкімдеріне көне Түркістанды дамыту мен абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға қатысқан әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, коммуналдық сала мамандары мен еріктілер мемлекеттік наградалар және алғыс хаттармен марапатталатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция