Референдум Референдум
USD
USD
USD

Түркістандағы ірі жоба дауы: 9 млрд теңге желге ұшты ма?

Түркістандағы «Шаға» жағажайына бөлінген 9 миллиард теңге мен оның құрылысындағы күмәнді жайттарға облыс әкімі түсініктеме берді.

Шаға
Фото: kazinform.kz

Астана, NEGE. Түркістандағы «Шаға» жағажайына бөлінген 9 млрд теңге қоғамда қызу талқыға түскен еді. Биыл нысанды барып көрген кей адамдар жоспарланған инфрақұрылым тартылмағанын айтып, қаржыны «желге ұшты» деп сынға алды. Тіпті белсенді Дидар Смағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хат жолдаған. Бұл құрылысқа бөлінген қаржы тиімді бөлінбей, қылмыстық әрекеттер болуы мүмкін деген ел арасында күдік бар. ОКҚ өткен брифингте журналистер Түркістан облысы әкіміне осы мәселе бойынша сұрақ қойды.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, нысан тек демалыс орны емес, гидротехникалық нысан болып табылады. Жоба құны бастапқыда 9 млрд теңге болған. Көшеров 2023 жылы өңірді Дархан Амангелдіұлы басқарғанын алға тартып, жобаға 6 млрд теңге бөлінгенін айтты.

Аймақ басшысының сөзінше, құрылыс екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде гидротехникалық нысанның ғимараты, жол мен кәріз жүйесі салыныпты. Ал, демалыс жағажайына бөлек қаржы қарастырылмады деді. Бұл жауапкершілік жергілікті кәсіпкерге жүктелген. Ол жағажай жұмыстарын өз қаражатына ұйымдастырады.

«Бұл мәселелер бойынша бастапқыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеру жүргізген. Кейін Экономика министрлігінің тергеп-тексеру департаменті қылмыстық іс қозғаған. Іс бір жарым жыл бойы қаралды. Ал оның нәтижесін алдағы уақытта ҚМА жариялайды деп ойлаймын», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

блогерлер

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

Саяхат

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ұстау

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ерлан Қарин