USD
USD
USD

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттеріне 800 білім беру гранты табысталды

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Түркістан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Гранттар ҚР Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген. Биыл білім беру грантын алу үшін еліміздің барлық өңірінен 925 талапкер құжат тапсырды.

Талапкерлердің бағыттары бойынша бөлінгені: 

В091 - Туризм: 367 талапкер

• В092 - Тынығу: 421 талапкер

• В093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі: 137 талапкер

Конкурс 800 атаулы білім беру грантына үміткерлер арасында өткізілді, өтінімдер 2024 жылғы 20 маусымнан 18 тамызға дейін қабылданды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі барлық грант иелерін құттықтайды және студенттердің Қазақстандағы туризм және меймандостық индустриясын дамытуға үлкен үлес қосатынына сенімді.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.