USD
USD
USD

Түркістандағы бейінді университет 5 жылдық мерейтойын атап өтпек

Түркістандағы бейінді университет биыл туризм саласына алғашқы 460 маманды дайындап шығарды және 5 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Түркістан
Фото: gov.kz

Түркістан, NEGE. Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі алғашқы бейінді университет. 66 тәжірибе орталығында әртүрлі келісім негізінде:

– 18 студент Rixos Dubai қонақ үйінде білім алды; 

– Kemer Holiday Club-пен ынтымақтастық орнатты;

– Түркияда 22 студентке арналған жазғы өндірістік практика ұйымдастырылды.

Дене шынықтыру және спорт саласында әртүрлі деңгейдегі жарыстардың 97 жүлдегері білім алуда. Университеттің 2 студенті 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Қазіргі таңда университетте 2 554 студент білім алады, оның 2 338-ы грантта оқиды. Биыл университет алғашқы 460 түлекке диплом табыстайды.

Бүгінде туризм саласындағы кадрлар тапшылығын ескере отырып, келесі оқу жылынан бастап 3 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарлануда. Сабақтар триместр – 10 апталық теориялық оқыту мерзімімен ұйымдастырылып, білім алушылар бакалавр дипломын 3 жылда алады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Адам ұрлау

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды

Перизат Қайрат

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым