USD
USD
USD

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы

Алматы, NEGE. Әлеуметтік жобаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 500-ден астам жас қатысып, өз жобаларын ұсынған. Оның ішіне 225 жоба талапқа сай деп танылған. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева брифингте мәлімдеді.

«Іріктеу кезеңінен өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысында 129 қатысушы өз жобасын қорғап, 20 жоба грант иегері атанды. Үздік деп танылған жастарға кәсібін бастау үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржы беріледі. «Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жастардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады» – деді спикер.

Сондай-ақ, бұл 18 жастан 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жобаларды іске асыруына бағытталған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін: FAA шешуші тексерісті бастады

әуе рейстері