USD
USD
USD

Түркістанда Жас ғалымдар Саммиті өтеді

Саммиттің бірінші бөлімі 2024 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым күні шеңберінде, Аstana IT University-де өткен болатын. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Түркістан, NEGE. Саммит екі бөлімге жоспарланған. 12 сәуір күні Астана қаласында, жалғасы 25-26 сәуір күндері Түркістан қаласында өтеді.

Саммиттің бірінші бөлімі – «Жас ғалымдардың тәжірибесі: мүмкіндіктері мен перспективалары» панельдік сессиясы болып, жас ғалымдар кеңесі аясында олардың жұмыс тәжірибесін ұсынуға бағытталған. Спикерлер түрлі ғылыми салалардағы жетістіктерімен, тәжірибелерімен және ғылыми жобаларымен бөліседі. Талқылау Қазақтанның ғылыми қоғамдастығындағы жас ғалымдардың мүмкіндіктері мен болашағын анықтауға, сондай-ақ, ғалымдардың ғылыми қызметін дамыту жолдарын іздеуге арналады.

Түркістандағы саммиттің екінші бөлімінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен серіктестікте семинар, жас ғалымдардың нетворкингі арқылы жобаларының тұсаукесері және Жапония сарапшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған.

Тақырыптарға пәнаралық және халықаралық ынтымақтастық, жасанды интеллект және ғарыш, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау мен медицина және ғылым-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық кіреді.

Шараға жас ғалымдар, аспиранттар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік сектордың, бизнес пен компаниялардың өкілдері қатысады.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен