USD
USD
USD

Түркістанда университет профессоры «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Бұл туралы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы

Түркістан, NEGE. Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен университетіміздің оқытушысы, профессор, журналист, сазгер, бірнеше танымал әндердің авторы Бекжігіт Сердәлі мемлекеттік наградамен марапатталды.

Түркістанда Республика күніне арналған «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы өтті.

Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ұлық мерекеге орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді тұлғаларға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Марапат иелерінің қатарында университетіміздің профессоры Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы да болды. Өңір басшысы оқытушымыздың кеудесіне «Ерен еңбегі үшін»  медалін тақты.

«Ерен еңбегі үшін» медалі 1993 жылы құрылған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін марапатталады.

Дөңгелек пішінді медальдың ішінде «Ерен еңбегі үшін» деген жазу бедерленіп, қазақ оюымен және емен жапырағы бейнесімен айшықталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі