USD
USD
USD

Түркістанда терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушісінен есірткі тәркіленді

Түркістанда терезесін қараңғылап алған көлік жүргізушісінен есірткі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Есірткі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінің бірінде терезесін заңсыз түрде қараңғылап алған Mercedes-Benz көлік жүргізушісін байқап, тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер 38 жастағы ер азаматтың күртешесінен есірткіге ұқсас затты тапты. Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысына сәйкес 30 грамнан астам марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда есірткі заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи