USD
USD
USD

Түркістанда теннистен Республикалық ашық турнир басталды

Түркістанда теннистен 12 жасқа дейінгі балалар арасында «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Түркістан
Фото: Түркістан

Алматы, NEGE. Бірінші дәрежелі республикалық ашық турнирге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Түркістан қалалары мен өңірлерінен 64 спортшы (32 ұлдар, 32 қыздар) қатысуда. Олар бес күн бойы өзара бәскеге түседі.

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнир теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында өтіп отыр.

Ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мусимова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Киелі Түркістан төрінде басталғалы тұрған «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турниріне қош келдіңіздер. Өздеріңізге мәлім, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», деген болатын. Осы бағытта Түркістан облысының спорт саласында айтулы істер атқарылып жатыр. Бүгінгі жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін. Тек мықтылар ғана жеңіске жетсін, – деді Жазира Рүстемқызы.

Республикалық теннис турнирінің ашылу салтанатында теннистің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Шымкент қаласының жетекші жаттықтырушысы Сергей Игнатовқа ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат табыс етілді.

Жалпы аталған жарыс жеке және жұптық сында ұйымдастырылуда. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар табысталады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе