18 Шілде 15:07

Түркістанда «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдау жүріп жатыр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Түркістанда Ахмет Ясауи университетінің базасында «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы жұмыс істей бастады.

Алматы, NEGE. Мұнда еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінен 10-нан астам жоғары оқу орындарының өкілдері келді. Қабылдау комиссиясы 20 шілдеге дейін жұмыс істейді. Университетімізден қабылдау комиссиясының құрамында Жоғары педагогика мектебі деканының орынбасары Арай Рахымжанова мен жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушысы Баян Баймурзина бар.

Университет қызметкерлері мен студенттерден құралған 60-тан астам адам талапкерлерден құжаттарды қабылдап, кеңес беріп, көмек көрсетеді. 

Сондай-ақ, Ахмет Ясауи университетінің базасында «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы жұмыс істей бастады.

– Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінің «Серпін» бағдарламасына талапкерлерді қабылдауды бастадық, - дейді Арай Рахымжанова. – Атап айтқанда, оңтүстік өңірге келген талапкерлерге университетіміздегі бағдарлама мен мүмкіндіктер туралы толық ақпарат беріп, өтініштерді қабылдап, тіркелеміз. Университетімізде осы бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер бар. Қазір олар қабылдау науқанында бізге белсенді түрде көмектесіп жатыр. 

Сонымен қатар, университетіміздің қызметкерлері әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, талапкерлердің сұрақтарына жауап береді.

Түркістанға еліміздің солтүстік, шығыс және батыс аймақтарынан 10-нан астам жоғары оқу орындары келді, атап айтқанда: Қарағанды ​​индустриалды университеті; Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті; Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті; Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті; М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті; Досмұхамедов атындағы Атырау университеті; Шәкәрім атындағы университет; Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті; Әлихан Бөкейхан атындағы университет; Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті; Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті.

Бұл университеттер оңтүстік өңірге келген талапкерлерге оқу орындарының бағдарламасы мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріп, белсенді жұмыс істеуде.