USD
USD
USD

Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған

Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. 

мал шаруашылығы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды.

Өңір прокуратурасы "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуға бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу нәтижесінде Оранғай және Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен ветеринарлық бекет меңгерушісінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" деректер базасына 31 шаруа қожалығында шын мәнінде жоқ ұсақ және ірі қара мал туралы жалған ақпарат енгізіп, жалпы сомасы 271 миллион теңге болатын субсидияны заңсыз иемденгені белгілі болды.

Облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы № 41590 әскери бөлімнің 1 қызметкерін, 3 ветеринарды және 1 меңгерушіні күдікті ретінде таныды.

"Күдіктілер келтірілген 19 миллион теңге көлеміндегі залалды ішінара өтеп, олардың жалпы құны 120 миллион теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды", — делінген Түркістан облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі